Azattyq Ruhy тілшісі Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтен ЖОО-лар мен колледждердің онлайн оқу жүйесіне көшуіне байланысты, үлкен қалалардағы студенттердің ауылына қайту мәселесін сұрады.
«Қашықтан оқыту болғандықтан, студенттер жатақханада қала ма, үйлеріне қайта ма, өздері біледі. Жатақханада болуға ешкім шектеу қоймайды. Ауылға барғысы келетіндер қайтады. Ең маңыздысы, үйге кетіп қалғанда, оқу үзілмеуі керек. Жоғалып кетуге болмайды. Кестеге байланысты тапсырманы орындайды»,- деп жауап берді бұған Асхат Аймағамбетов.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Берік Қамалиев қозғалыстың жиілеуіне байланысты қосымша вагондар қосылатынын хабарлады. Оның сөзінше, қазір «Қазақстан теміржолы» компаниясында билет тапшылығы мәселесі туындап тұрған жоқ. Бірақ жолаушылар мереке күндеріне қарсы қазірдің өзінде билет жоқ екенін айтып, шағымдануда.