Айқын Төлепберген үйлену тойы болатынын айтты

Ол той қонақтарына ескерту жасады.

Әнші Айқын Төлепберген үйлену тойына дайындық жұмысы қалай жүріп жатқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Айқын Төлепберген Instagram-дағы парақшасында келіншегі Жұлдыз Өмірғалимен бірге көлікте келе жатқан видео жариялады. Ол той алдында арықтап, жасарып кеткенін айтты. Қонақтарға бейсенбі күні өтетін үйлену тойына ұмытпай келуін өтінді.

«Түсірілімге бара жатырмыз. Менде жаңа имидж, көзілдірікпен жүрмін. Тәтем бар қасымда. Боянып алған, алтындарын киіп алған. Той алдында арықтап кетті. Маған қарамайды. Сегіз келі тастапты. Біз жас жұбайлар болдық. Құттықтасаңыздар болады. Бейсенбі күні тойымыз болады. Шақырылған қонақтар, ұмытып кетпеңіздер», - деді әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.