«Қарызсыз қоғам» жалғасып жатыр

Өңірлерде «AMANAT» пар­тия­сының «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша оқу семинарының кезекті аптасы басталды.

Қаржы эксперттері Қызылорда қаласы және Шиелі, Жаңақорған, Қармақшы, Жалағаш аудандарында дәрістер беруде. Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылдық округінде өткен семинар жұмысына партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов пен партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева ауыл тұрғын­дарына жобаның маңыздылығын түсіндірді. 

Мемлекет басшысынан қолдау тауып, жалпыхалықтық деңгейге жеткен «Қарызсыз қоғам» жобасының негізгі мақсаты – қарызға белшеден батып, үмітін үзгендерге қолдау көрсету, қолда бар қаражатқа өмір сүруге, қажетсіз несиеден бас тартуға үйрету.

Атап өтейік, бүгінгі күні өңірде жоба аясында 8 700 азамат оқу курсынан өтті. Жыл соңына дейін 2 300 азамат оқытылатын болады.