Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында бесінші сәбиінің фотосын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі бесінші қызына Амина деген есім берген еді.
“Әпкелері фотоға түсіріп жатыр. Негізі 7 қазанда 9 айға толған еді. Қолымыз тимей енді фотосессия жасап жатырмыз”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары cәби әкесіне ұқсайтынын айтып, бақыт тіледі.
“Әкесінен аумайды”, “Алла тіл-көзден сақтасын”, “Кеше ғана туған еді, көп ұзамай бір жасқа толады”, “Алтынай ханым, қыздарың бақытыңды еселесін”, “Көзін жауып тұрса да, әкесіне ұқсап тұр”, деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.