Қазнетте 5 күнге дейін ауырған балаларға білім беру мекемесіне анықтама апарудың қажеті жоқ деген хабарлама тарады. Бұл ЖРВИ-мен ауыру кезінде қолданылатын практика және арнайы бұйрыққа дейін әрекет етеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
«Әлеуметтік желіде вирустық инфекциялармен сырқаттанушылық өршіген кезеңде бала 5 күнге дейін ауырса, балабақша мен мектепке анықтамасыз баруға болады деген ақпарат Қазақстан Республикасына қатысты емес.
Бүгінгі күні «Мектепке дейінгі білім беру және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларға сәйкес, егер бала үш және одан да артық күн болмаса, ол мектепке дейінгі ұйымға дәрігердің денсаулық жағдайы туралы анықтамасы болған кезде ғана қабылданады. Жіті аурулармен ауырған оқушылар мен тәрбиеленушілер бақылауға алынып, қалпына келтіріледі.
Білім беру мекемесіне бармау ұзақтығы дәлелді себептермен оның (мектептің) ішкі тәртібімен айқындалады.
Барлық азаматтарды ресми ақпарат көздерінен тараған ақпаратқа сенуге шақырамыз», – делінген хабарламада.
Бала 5 күн бойы жедел вирустық респираторлық инфекциямен ауырса, ата-аналар медициналық мекемеден анықтама алмайды деген ақпарат желіде осы жылдың қыркүйек айында жарияланды. Бұл қаулыны Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі шығарды.
Таралған видео – 2024 жылғы 6 қыркүйекте Беларусь елінің ОНТ арнасында шыққан жаңалықтар сюжетінен алынған кадр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.