Елордада жатақханада шыққан өрт салдарынан бес адам уланып қалды

Бүгін таңда Байқоңыр ауданы Тараз көшесінде орналасқан жатақханалардың бірінде бөлмелер мен ғимараттың шатыры жанды.

Бүгін таңда Байқоңыр ауданы Тараз көшесінде орналасқан жатақханалардың бірінде бөлмелер мен ғимараттың шатыры жанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде шатыр мен 3 және 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатты. ТЖМ күштері баспалдақ арқылы 3-қабаттан 6 адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша түтіннен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

– «Өртті сөндіру жұмыстарын ғимараттың жан-жағындағы өтетін жолдарда автокөліктердің тұруы қиындатты. Өрт 850 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда», – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.