Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Талғар қаласының әкімі – Күрішбеков Бақыт Қуатбекұлы, Талғар қаласы әкімінің орынбасары – Матан Сағындық атқаратын лауазымдарынан босатылды", – делінген хабарламада.
Қазір басқа да әкімдік қызметкерлерінің жауапкершілігі қарастырылып жатқаны хабарланды.
Еске салайық, Бақыт Күрішбеков 2022 жылы маусымда өткен Талғар қаласының әкімі сайлауында жеңіске жеткен болатын.