NASA Юпитерге станция аттандырды

Старт Флорида штатының Канаверал мүйісінен жүзеге асырылды.

NASA Юпитердің серігіне станция аттандырды. Мақсат – өзге планетадан тіршілік пен өмір нышандарын іздеу, - деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Зерттеуші әрі карта жасаушы станцияны ғарышқа SpaceX компаниясының ауыр ракетасы жеткізді. Ал старт Флорида штатының Канаверал мүйісінен жүзеге асырылған.

Ғалымдардың ойынша, Юпитердің «Еуропа» деген серігін басқан мұздың астында орасан мұхит жатыр. Оның көлемі жердегі мұхиттардың барлығының көлемінен екі есе үлкен екен.