Актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде күйеуімен түскен жаңа видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Айгүл Иманбаева жолдасы екеуінің видеосын Instagram-дағы Stories бөлімінде жариялаған.
Бейнежазбадан актриса күйеуімен бірге жағажайда серуендеп жүргенін көруге болады. Олар отандастарына сәлем жолдады.
"Қайырлы таң, қайырлы күн! Қазақстанда қайырлы кеш. Бізден, Ерекең екеумізден баршаңызға жалынды сәлем", – деді актриса.
Бейнежазба соңында олар жүрек белгісін көрсеткен.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.