Әнші Ерке Есмахан фотосессия жасап, жаңа суреттерін желіге жүктеді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол көпшілікті мейірімді болуға шақырды.
«Әлемді мейірім мен махаббат қана құтқарады. Барлық адам – сүйікті жаратылыс. Өзіңнің де, өзгенің де өмірін аялап, қатыгездікке жол бермейік. Күңіренген күздің басқа, жағымды жаңалықтарымен бөлісе отырыңыздар», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің күзгі образын жоғары бағалап, бақыт тіледі.
«Еркелікті Еркеден үйрену керек. Райммен өте жарасады, бақытты, ұзақ ғұмыр кешіңіздер!», «Өзіңіздей әдемі, талантымен таңғалдыратын тұлғаға қарап, шабыт аламыз. Әр фотодағы нәзіктік пен сұлулық ерекше жарасымды», «Сүйікті болу, сүйкімді болу барлық әйелге бұйыртсын», – деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.