Депутат үкімет тарапынан елдегі астық мәселесінің қаншалықты шешіліп жатқанын талап етті

“Amanat” партиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Еркебұлан Мәмбетов бүгінгі Мәжіліс отырысында былтырғы жылы егістікке қатысты біраз қиындықтар туындағанын еске алып, астықтың бағасын реттеуін сұрады.

– Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінде 15,8 млн гектардан астам астық бойынша дәнді және бұршақ дақылдары жиналды. Сонда 15,2 ц / га-ға астықтың орташа өнімділігі 25,2 млн тонна шықты. Былтырғы жылы егістікке қатысты біраз қиындықтар ескеріліп, фермерлердің қаржы институттарына, техника және материалдық ресурстарды жеткізушілер алдындағы ұзақ мерзімді міндеттемелері қойылған болатын. Ал оны орындау үшін өнімді өндірушілерге астықтың бағасы әділ қойылып, тезірек сатуды қолға алынуы тиіс. Десе де қазір астық нарығында жағдай әли қиын. Атап айтсақ, элеваторлардағы сыйымдылықтың жетіспеушілігі және сатылымның жоқтығы.

Қостанай облысындағы "Мелитопольское" ЖШС директорының айтуынша, қазір астықты өткізу нарығын реттемесе, күйреудің алдында тұр. Себебі, күннен күнге астықтың бағасы түсіп жатыр. Оның өсуін көрсететін алда ешқандай перспектива жоқ. Элеватордың техникалық мүмкіндіктері ол ақсап тұр. Астықты тез қабылдап, кептіруге және жөнелтуге мүмкіндік бермейді. Сөйтіп, өнімнің сапасы да нашарлады, – дейді мәжіліс депутат Еркебұлан Мәмбетов.

Депутат бұл мәселені толықтай қарастырып, астық нарығын ретке келтіруін сұрады.