Жаңбыр, қар, көктайғақ: 17-19 қазанға ауа райы болжамы жарияланды

Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады.

"Қазгидромет" РМК 17-19 қазанға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын болжанады: 17 қазанда оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі; батыс өңірлерде жаңбыр, 18 қазанда қатты жаңбыр жауады, күндіз найзағай болады. Тек еліміздің солтүстік аймақтарына суық антициклон әсер етуді жалғастырады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды және ауа температурасының жоғарылауына әкеледі.

Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.