Түркияда магнитудасы 6,1 балдық жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді. Күшті жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 10.46-да Малатия провинциясынан шығысқа қарай 44 шақырым жерде болған.
Жер сілкінісінің ошағы шамамен он шақырым тереңдікте болған. Әзірге зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жөнінде ақпарат жоқ.
Жер сілкінісінен соң сейсмологтер 20-дан астам афтершок тіркеген.