Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты

Көлікте 10 адам болған.

16 қазан күні таңертең Маңғыстау облысында жол апатынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қаза тапқандардың барлығы Өзбекстан азаматы. Олар Ресейден келе жатқан.

– 16 қазан күні сағат 7.30-да Бейнеу-Тәжен тасжолында Jac автокөлігінің қатысуымен жол апаты болды. Көлік шекарадан өту үшін кезекте тұрған МАН жүк көлігімен соқтығысқан. Барлығы көлікте 10 адам болған. Солардың төртеуі Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілген. Олардың жағдайы орташа ауыр. Барлық медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға орнында алты адам қайтыс болды, – делінген мәліметте.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.