Жамбыл облысында 13 жастағы қызды туған ағалары алты жыл бойы зорлаған

Қазір оқушы анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілген.

Жамбыл облысындағы ауылда 13 жастағы қызды екі ағасы кішкентай кезінен бастап зорлап келгені анықталды. Бұл туралы Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева мәлімдеді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Қазір оқушы анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілген.

"Өңірлік уәкілмен бірге 6 жыл бойы туған екі ағасынан зорлық-зомбылық көрген 13 жастағы қыздың ісімен жұмыс істеп жатырмыз. Қылмыстық іс қозғалды, қыз анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілді, қажетті көмектің барлығы көрсетіліп жатыр", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осы жағдайдан кейін аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директорына қатысты шара қолданылған.

Белгілі болғандай, қыз оқитын мектеп – ауылдағы жалғыз білім ошағы. Бала психолог жинаған сауалнамада зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы сигнал берген, бірақ оны ешкім елемеген.

Зәкиева лауазымды тұлғаларды немқұрайлығы үшін жауапқа тарту мақсатында прокуратураға жүгінгенін мәлімдеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.