Хасан Қасымбаевтың ағасы бұрын қандай лауазымды қызмет атқарған?

Алғашқы еңбек жолын 2002-2006 жылдары Атырау облысындағы Тенгиз Шевройл «Паркер Дриллинг Компаниясында» мұнай саласында жұмыс істеген.

Бұл туралы Aikyn.kz сайты alatau-zhuldyzy.kz-ке сілтеме бере отырып жазады.

Қасымбаев Аслан Нұрғайыпұлы 1982 жылы 13 шілдеде Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара ауылында дүниеге келген.

– 1988-1999 жылдары Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара ауылында орта мектепті бітіріп, 1999-2002 жылдары Д.А.Қонаев атындағы колледжге түсіп, құқықтану мамандығы бойынша білім алған.

– 2006-2010 жылдар аралығында Орталық Азия университетіне түсіп, заңтану мамандығы бойынша оқыған.

– Алғашқы еңбек жолын 2002-2006 жылдары Атырау облысындағы Тенгиз Шевройл «Паркер Дриллинг Компаниясында» мұнай саласында жұмыс істеген.

– 2006-2007 жылдар аралығында Талғар аудандық жылжымайтын мүлік орталығында инспектор;

– 2007-2016 жылдары Талғар аудандық Әділет басқармасында инспектор қызметін атқарған.

– 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін Талғар ауданының Белбұлақ ауылдық округінің әкімі болып қызмет еткен.

– 2021 жылдан бастап Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы болған.

Айта кеткен жөн, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен босатылғанын жазған едік.