Өнер иесінің денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп қалған, – деп жазады Aikyn.kz.
Тұрсынбек Қабатов сырқаттанып қалғанын Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
Өнер иесі денсаулығына байланысты осы жылы жоспарланған концерттерін келесі жылға ауыстыруға мәжбүр болғанын жеткізді.
"Ассалаумағалейкум, құрметті көрермендер! Денсаулығыма байланысты ауруханаға жатып қалдым. Сол себепті "45 жас" деп жоспарлаған концерттерімнің 2025 жылға ауысқанын хабарлаймын! Өздеріңізді көруге асықпын", – деп жазды Қабатов.