"Қазгидромет" синоптиктері 19-21 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ресми мәліметке сүйенсек, алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Елдің шығысында ғана ауа райы жауын-шашынды болып, қар жаууы мүмкін.
Қазақстанның барлық аймағында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік облыстарда көктайғақ, оңтүстік облыстарда найзағай күтіледі.
Сонымен қатар тәулік ішінде ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтілуде:
- батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте +5+13°С-қа дейін,
- шығыста, орталықта +8+18°С-қа дейін,
- оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +15+22°С-қа дейін жетеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.