"Қазгидромет" РМК 19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күндізгі екпіні – 18 м/с.
Түнде Атырау облысының оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні – 17-22 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман түседі.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз Алматы облысының орталығында, шығысында шығыстан соққан желдің екпіні – 17-22 м/с. Қонаевта шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні – 17-22 м/с.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады.
Күндіз Қызылорда облысының батысында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Облыстың орталығында, батысында шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.
Түнде Маңғыстау облысының орталығында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады.
19-20 қазанда Жамбыл облысының батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Таразда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл ауданында соққан желдің екпіні –15-20 м/с. Талдықорғанда түнде сынап бағаны 5-7 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.