Жалғыз балаңның өлімін көресің: белгісіз біреу Дана Нұржігіт пен оның ұлына қоқан-лоқы көрсеткен

Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Бұған дейін Дана Нұржігіт тележүргізуші Динара Сәтжанға сұхбат беріп, сталкинг құрбаны болғанын айтқан,  деп жазды Aikyn.kz.

Осы сұхбаттан кейін белгісіз біреулер сол сұхбаттың астына қоқан-лоқы көрсетіп, пікір қалдырыпты.

«Алла саған жазаңды берсін, жалғыз балаңның өлімін көресің, осыдан қара да тұр» делінген фейк-аккаунттан қалдырылған пікірде.

Дана Нұржігіт бұл пікір кибер-сталкингтің бір көрінісі екенін атап өтті.

«Қымбатты отандастар! Динара Сәтжанға берген сұхбаттан кейін жаңа ғана сол видеоның астына мынадай комментарий қалдырып кетіпті біреу. Менің ұлым мен маған қоқан-лоқы көрсетіпті. Мен жалғыз басты анамын. Балам кәмелет жасқа толмаған. Білесіздер. Бәрін көріп, біліп отырыңыздар! Кибер-сталкинг деген осы, міне!»,  деп жазды Дана Нұржігіт.