Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот сотталған адамды азаптаған Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің аға уәкілетті өкіліне үкім шығарды, – деп жазады Aikyn.kz.
"Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 3 жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынады", – деп жазылған Қарағанды облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сотталушы әділет капитаны атағынан айырылды және ол жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына айыппұл төлейді.