Қарағандыда газ баллоны жарылып, үш бала құтқарылды

ТЖМ барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Қарағандыда ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 3 адамды эвакуациялап, өрттен үш газ баллонын шығарды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, бүгін таңертең Саран қаласы Цимлянская көшесі бойындағы үй ауласында шаруашылық құрылысы мен дуал жанған.

"ТЖМ күшімен үйден 3 бала эвакуацияланды. Жану орнынан көлемі 27 литр болатын 3 газ баллоны шығарылды. Өрт толығымен 40 шаршы метр алаңда сөндірілді, зардап шеккендер жоқ", - деп атап өтті ведомстводан.