Ақмола облысында жетінші баласына аяғы ауыр әйел қаза тапты

Қайғылы оқиға 18 қазан күні кешке болды.

Ақмола облысының Бестөбе кентінде жетінші баласына жүкті 34 жастағы алты баланың анасы жедел жәрдем келгенге дейін қаза тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Sinegor.kz басылымы жазғандай, әйел отбасымен үйде болған, бір уақытта өзін нашар сезініп, шаршағанын айтып, жатып демалуға шешім қабылдайды. Кейін туыстары оны өлі күйінде тапты. Ол жүктіліктің 34-аптасында болды.

Жедел жәрдем дәрігерлері ақмолалық әйелдің олар келгенге дейін қайтыс болғанын растады. Өлімнің алдын ала себебі - жедел жүрек жеткіліксіздігі. Зорлық-зомбылықтың іздері табылған жоқ.

Полиция Бестөбе тұрғынының қайтыс болу дерегі бойынша соталды тергеу басталғанын, сараптамалар мен тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қылмыстық кодекстің бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.