Шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроптық зат табылды

Алматы әуежайында пошта жөнелтілімін күткен шетелдік ұсталды.

Алматыдағы логистикалық компаниялардың бірінің филиалынан шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроптық зат тәркіленді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Тексеру кезінде оның ішінен салмағы 895 грамм каннабис сығындысы (гашиш майы) және салмағы 623 грамм тетрагидроканнабинол психотроптық заты бар екі банка табылды", - деп жазды ведомство.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.