Илон Масктың анасы Қазақстанға сапары туралы жазды

76 жастағы модель Мэй Маск Алматыда өткен BeWomen форумына қатысқан болатын.

Танымал кәсіпкер, өнертапқыш Илон Масктың анасы, модель Мэй Маск Қазақстанға сапары жайлы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

76 жастағы модель Алматыда өткен BeWomen форумына қатысқан болатын.

«BeWomen форумында сахнада көңілді уақыт өткіздім. Көптеген кітапқа қолтаңба қойдым, сондай-ақ әдемі қолөнермен жасалған пальто киіп, қызық оқиғаларға, сұлулыққа және табысқа толы кеңесімді бердім», – деп жазды Мэй Маск өзінің Instagram парақшасында.

Cонымен қатар модель Қазақстанда әуежайдан әсерлі әуенмен, гүлмен қарсы алып жатқан видеоны жариялап, алғыс айтқан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Maye Musk (@mayemusk)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.