Қар, жел, үсік: 21 қазанға ауа райы болжамы жарияланды

Түнде батыста, Жетісу облысының орталығында 3 градус үсік сақталады.

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 21 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды, түнде елдің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, түнгі уақытта солтүстік облыстарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. ҚР бойынша түнде және таңертең тұман, оңтүстікте, шығыста, орталықта жел күшеюі күтіледі.

Түнде батыста, Жетісу облысының орталығында 3 градус үсік сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.