"15 қыздың суреті табылған": Түркістанда педофил 15 жастағы қызды зорлаған

Ақпарат ресми расталды.

Түркістан облысында 33 жастағы ер адам 15 жастағы қызға зорлық көрсетіп, оны қорқытқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Құрал Сейітханұлы есімді  Facebook қолданушысы жазды. 

Ақпарат расталды.

Қолданушының жазуынша, оқиға екі күн бұрын болған.

“Ұзын сөздің қысқасын айтқанда, бұл әйелдің 15 жастағы қызын 33 жастағы еркек қорқытып, үркітіп,  "Жаңа қала" шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріне апарып, тыр жалаңаш шешіндіріп, суретке түсіріп, одан кейін еркектік мүшесін қыздың аузына тығып, соңында қыздың артқы анал тесігіне мүшесін тығып, жыныстық қатынасқа түскен. 15 жастағы қыз ондайды өмірінде көрмеген. Мұнымен де тоқтамай, арада бірнеше күн өткенде қыздың WhatsApp нөміріне 2008, 2009 жылғы өзің сияқты жас қыз тауып бер немесе 50 мың теңге тауып бер, әйтпесе жалаңаш фотоларыңды TikTok-қа саламын деп бопсалап, қорқытқан. Өзін ҰҚК-нің қызметкерімін деп таныстырған. Шын мәнінде, ешқандай да қызметкер емес”,  – дейді ол.

Жазба авторының айтуынша, жағдай туралы анасы қызының телефонын тексерген кезде біліп, полицияға қоңырау шалған.

Жәбірленушілер Түркістан қаласының Полиция басқармасына барған кезде ғана кішкентай қызға істеген сексуалдық әрекеттері әшкере болған. Артынша, педофилдік жасады деген күдікпен ҚР ҚПК-нің 124-бабы  1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

 

“Қазіргі уақытта кішкентай қыздың анал тесігінен сексуалдық қатынас жасағаны жөнінде сот сараптамалық тексеру жүргізілуде. Егер сараптамада анықталса, онда бұл іс ауыр қылмыс санатынан, аса ауыр қылмыс санатына өзгертіледі. Қазіргі уақытта қызға азғындық жасаған мына суреттегі Д. деген күдікті қамауға алынған. Мұның телефонынан 15-ке жуық кәмелетке толмаған жас қыздардың жалаңаш фотосы табылған. Көптеген кішкентай қыздар басында болып жатқан осындай сұмдықты ата-аналарынан қорқып, айта алмай тұншығып жүреді екен. Сондықтан қыздарыңызды жиі бақылап отырыңыздар. Қыздардың Telegram чаттарға қосылмауын қадағалау қажет. Қазір 15 жастағы қыздың әкесі мына суреттегі Д. деген күдіктіні өлтіремін деп ашуланып отыр. Сондықтан бұл Д. деген күдікті кінәсі дәлелденсе, заң аясында жазаға кесіліп, қамалып кеткені дұрыс. Мүмкін болса өмір бойына сотталғаны дұрыс”,  – дейді Құрал Сейітханұлы

Құрал Сейітханұлы фотодағы еркектен зардап шеккен қыздар болса, ата-аналарымен бірге Түркістан қаласының Полиция басқармасына барып, Салтанат Абубакирова деген тергеушіге арыз жазуларына болатынын жеткізген.

Түркістан қаласы Полиция департаменті аталған фактіні растап, тиісті сараптама тағайындалғанын мәлім етті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.