Оның басым көпшілігі – 25 пен 34 жас аралығындағылар. Сонымен қатар биыл 60 жастан асқан 23 отбасы заңды некеге тұрған. Ал өткен жылы некесін қидырған зейнет жасындағы азаматтардың саны – 15.
Қызылордада некесін қидырғанның ең үлкені – 72 жастағы ақсақал. Есенбай мен Құлбике Тәшкенбаевтар араға 25 жыл өткен соң заңды некеге тұрған. Зейнеткерлер ұзақ уақыт бойы некесін заңдастырмаған.
Ерлі-зайыптылардың айтуынша, күнделікті қарбалас күндермен АХАТ-қа өтініш беруді кейінге қалдырып келген.
– Осы жылы ғана қарым-қатынасымызды ресми тіркеуге қол жетті. Өтінішті онлайн режимінде бердік. Онлайн түрде өзіміз жасай алмас едік, бізге немерелеріміз көмектесті. Қазір қолымызда неке қию туралы куәлігіміз бар, – дейді Есенбай Тәшкенбаев.
Ал Құлбике Тәшкенбаева бұған дейін ұялу сезімі болғанын жасырмайды. Бірақ мұны өмірлік тәжірибесі жеңіп шыққан.
– Тағдыр бізді біріктірді, мен оған өте қуаныштымын. Бұрын мен адамдар осы жаста үйленеді ме деген ойдан ұялатынмын. Бірақ жинақталған өмірлік тәжірибе мен даналық осындай қадамға саналы түрде баруға мүмкіндік береді, – дейді ол.