"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ресми мәліметке сүйенсек, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде атлантикалық циклон әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Сәйкесінше, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, батыс және оңтүстік аймақтарда жаңбыр жауып, жекелеген облыстарда күндіз найзағай күтіледі.
23 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Ал 24 қазанда Жетісу облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді және тұман түсуі ықтимал.
Ауа температурасында күрт өзгерістер болмайды.