Антикор қазақстандықтарға тағы да маңызды ескерту жасады

Антикор жалған ақпараттарға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды ескертеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Антикордың басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы тағы да ескертеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасап, жолдап жатыр.    

Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз.    

Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз.