Желіде Алматы әкімдігінің жанынан шыққан қара түтін бейнеленген видео пайда болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар департаменті трансформаторлық қосалқы станция жанып жатқанын мәлімдеді.
Желіде жарияланған видеодан қара түтінді көруге болады. "За нами уже выехали" Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, Алматы әкімдігінің аумағында өрт шыққан.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Желтоқсан, 185/1 мекенжайында трансформаторлық қосалқы станция өртеніп жатыр.
"Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында өрт сөндірушілер нысанды токтан ажырату және өртті сөндіру шараларын жүргізуде", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.