"Білгенін істеп жатыр": Мөлдір Әуелбекованың видеосы қызу талқыға түсті

Мөлдір Әуелбекова видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова желіде жаңа видео жариялап, елдің қызу талқысына түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мөлдір Әуелбекова видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Видеода әншінің сахнада өнер көрсетіп, артынан жамылғысын жерге лақтыра салғанын көруге болады.

"Бұл – фонограмма! Оған қоса тәлпіштеніп жамылғыны жерге лақтыра салдым да, сахнада ерігіп, жеңімді түріп тұрмын", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Әуелбекованың видеосына түрлі пікір қалдырды.

"Жұрт жазып қиналмасын деп, өзі бірінші жазып қойған ғой", "Білгенін істеп жатыр", "Орамалды аяқ астына тастаған", "Өзіне сыни пікірлер жазып, осындай деңгейде әзілдесу әркімнің қолынан келе бермейтін дүние", "Қатырдыңыз, Мөлдір ханым", "Дауыс, харизма деген баршылық" деп жазды олар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.