Жамбыл облысында 6 адам уланып, қайтыс болды

Екі жағдайда да сот-медициналық сараптама тағайындалып, материалдар жергілікті полиция қызметіне тапсырылды.

Жамбыл облысындағы екі ауылда бір күнде табиғи газ салдарынан бірнеше қайғылы оқиға болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Оқиғаның мән-жайын Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті. 

Белгілі болғандай, 1963 жылы туған үй иесі мен оның 1988 жылы туған ұлы оқиға орнында қайтыс болды, ал 2007 жылы туған немересі ауыр халде ауруханаға жатқызылған.

Сондай-ақ 16 қазан күні Т.Рысқұлов ауданы Жарылсу ауылында жеке тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша, газ плитасының шай қайнаған кезде сөніп қалуынан газ шығып,  салдарынан үй иелері 1967 және 1975 жылдары туған ерлі-зайыптылар, сондай-ақ олардың 2011 және 2019 жылы туған балалары газдан уланып, қайтыс болды.

Екі жағдайда да сот-медициналық сараптама тағайындалып, материалдар жергілікті полиция қызметіне тапсырылды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Т.Рысқұлов ауданында бір отбасының ата-анасы және олардың кәмелетке толмаған екі қызының, сондай-ақ Жамбыл ауданында 61 жастағы әйел мен ересек ұлының қайтыс болу деректеріне қатысты «Адам өлімі» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қайғылы жағдайлар алдын ала болжам бойынша, тұрғын үйдегі газдан улану салдарынан болған. Қазіргі уақытта өлім себептерін анықтау мақсатында жан-жақты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.