Мен шокпын: Алтынай Жорабаеваны құрбысы алдап шақырып, тосынсый жасаған

“Құрмет” орденінің иегері, танымал әнші Алтынай Жорабаеваға құрбысы көлік сыйлаған.

Өнер иесі салоннан су жаңа Lexus маркалы көліктің иесі атанды, деп жазады Aikyn.kz.

“Мен шокпын. Төлеу мен Индира өзімізге Lexus аламыз деп алдап шақырыпты. Сөйтсем, менің туған күніме сыйлық екен. Машинаның артына гүл қойып, “Алтынай әпке, мына машина сіздікі” деп жазып қойыпты. Кешке кішігірім атап өтеміз. Ет асып жатырмын”, – деді әнші. 

Көлікті сыйлаған фудблогер келіншек Индира Жакупова өнер иесіне алғыс айтып, жантебірентерлік жазба жариялады. 

“Нөлден бастағалы қасымда жүрген, туғанымдай болып кеткен жанашыр әпкемді жылатып алдым. Әпке, сізге не сыйласам да лайықсыз ғой. Басыма небір сынақтар келгенде, кімнің кім екені көрінгенде қасымда қалған жалғыз жанашырым өзіңіз болдыңыз. Менен қолдауыңызды аямадыңыз! Маған деген аппақ көңіліңіздің қасында дүние деген не ол?! Сыйластығымыз арта берсін!”, – деп жазды блогер.