Майра Мұхамедқызы, Секен Тұрысбеков, Лидия Кәденге «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді

Әдебиет және мәдениет саласындағы бір топ азаматқа «Қазақстанның халық жазушысы» және «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді.

Президент Жарлығымен әдебиет және мәдениет саласындағы бір топ азаматқа «Қазақстанның халық жазушысы» және «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, ақын-жазушылар Т.Медетбек, В.Михайлов және И.Сапарбай «Қазақстанның халық жазушысы» атағына ие болды. «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері: театр және кино актерлері К.Жұмабековке, Л.Кәденге, О.Коржеваға, И.Лебсакқа, Р.Махпироваға, Г.Шынтемірге және Ә.Ыдырышевқа, опера әншілері М.Мұхамедқызы мен Ж.Баспақоваға, дирижер А.Мұхитдинов пен күйші С.Тұрысбекке, сондай-ақ белгілі әнші М.Ілиясоваға берілді", – делінген Ақорда хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.