Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгереді

Енді кезекші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күндері сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Қазақстанда кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгереді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Азаматтарға арналған үкімет порталының хабарлауынша, енді кезекші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күндері  сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Бұл ретте кезекші болып есептелмейтін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі жұмыс кестесімен, яғни сағат  09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсететін болады.

Аталған өзгерістер азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуді қолжетімді етуге бағытталған. Айта кетейік, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы көлік құралдарын тіркеу және есепке алу қызметін сағат  18.00-ге дейін көрсетсе, дайын құжаттарды беру бойынша жұмыс сағат  20.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, кезекші ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді. ХҚКО-лар азаматтарды жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.