Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті Мемлекеттік шекарада жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 159 фактісінің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz
ҰҚК хабарлауынша, мұнай өнімдері қосымша орнатылған жанармай цистерналарын, қайта жабдықталған газ баллондарын және әртүрлі шаруашылық ыдыстарын пайдалана отырып, автокөлікпен тасымалданған.
Жыл басынан бері осы учаскеде ЖЖМ-ды тасымалдаудың 1 205 жағдайының алды алынды.
Аталған фактілер бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін құзыретті органдарға берілді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.