Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ол бұған дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарған.

23 қазанда Президент Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің өкімі бойынша Дарын Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов Индер ауданында туған.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін география пәнінің мұғалімі, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы Индер ауданындағы Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратында бас маманның міндетін уақытша атқарушы болып бастаған. 2009-2012 жылдары Индер ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы, жалпы бөлімнің меңгерушісі болған.

2012-2017 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2017-2021 жылдары Индер ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Ал 2021-2022 жылдары Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалған.

Осы тағайындауға дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.