Алматы облысында төрт жігіт кәмелетке толмаған қызды зорлаған

Оқиға Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында болған.

Алматы облыстық Полиция департаменті кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсету фактісі бойынша төрт күдікті ұсталғанын мәлімдеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдымен бұл оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде таралды. Ақпаратқа сүйенсек, қазан айының ортасында Тұздыбастау ауылында 18 бен 23 жас аралығындағы төрт жігіт 16 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген.

Кейін облыстық Полиция департаменті кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

– Жедел-іздестіру  шаралары барысында полиция қызметкерлері төрт күдіктіні де анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы облыстық Полиция департаментінің бақылауында, – делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.