ІІМ Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті туралы айтты

ІІМ өкілі күдіктінің қашып кетуіне жол бергендер жазаланатынын айтты.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжіліс кулуарында Талғардағы тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктіге қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Игорь Лепеханың айтуынша, қылмыскер әлі іздестіріліп жатыр. Сондай-ақ бұған жол бергендер жазаланатынын айтты.

"Біз қазір мұнымен айналысып жатырмыз, іздеп жатырмыз, ұстайтын боламыз. Іздеу жұмыстары бойынша барлық шара қабылдануда. Біз қызметтік тергеу жүргізетін боламыз. Бұған қатыстының барлығы жазаланатын болады. Немқұрайлылық фактісі бойынша іс қозғалды", - деді ол.