Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қазан қаласына барды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI саммитіне  қатысу үшін жұмыс сапарымен Қазан қаласына барды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сапар аясында Қазақстан Президенті екіжақты кездесулер өткізіп, БРИКС-тің «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырысында сөз сөйлейді.