11 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Шымкентте қолға түсті

Ол қылмыстық қудалаудан 11 жыл бойы жасырынып жүрген.

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік қолға түсті, - деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 41 жастағы шетел азаматын ұстады. 

Ер адамға кеден заңнамасын бұзғаны және пара алғаны үшін көрші елдің құқық қорғаушыларымен халықаралық іздеу жарияланған. 

Ол қылмыстық қудалаудан 11 жыл бойы жасырынып жүрген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды. 

Оны экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.