«Әкемнің батасын алғаннан кейін тұрмысқа шықтым. Анам мәңгі жүретін сияқты»: Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды

Актриса әкесінің батасын алғанына қуанатынын жеткізді.

Актриса Айгүл Иманбаева "Төрлетіңіз" бағдарламасында анасы туралы айтып, көзіне жас алды, – деп жазды Aikyn.kz.   

Айтуынша, анасын Стамбулға апарып, денсаулығын тексерткенде анализдері дұрыс шықпаған.

"Биыл анамның анализдерінен ақау шығып, Стамбулға медициналық тексертуге апардым. Бүкіл ғұмырым көз алдымнан өте шықты. Мәңгілік жүретін сияқты сезілетін еді. Осы тексеруге апарғанда көп сабақ алдым. Осы 10 күн мені біраз жасқа есейтіп жіберді", - деді ол.

Актриса әкесінің батасын алғанына қуанатынын жеткізді.

"Әкеммен 40 жылдан кейін араластық қой. Қалай әкемнің батасын алдым, солай тұрмысқа шықтым. Әлемге көп жол ашылды. Лондонға кетер алдында әкем концертке келді. Сонда айтылған барлық сөз алғашқы және соңғысы болыпты. Сол концерттен кейін үш айдан соң әкем қайтыс болды. Әкемнен кешірім сұрап үлгердім. Ол кісінің батасын алдым", - деді Айгүл Иманбаева. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.