Алматы прокуратурасы есірткіні жарнамалайтын 16 телеграм-арнаны бұғаттады

Тексеру барысында қатысушыларға тыйым салынған заттарды сатып алу мүмкіндігімен қатар «закладчик» жұмысы ұсынылғаны анықталды.

Бас Прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының прокуратурасы есірткі құралдары мен психотроптық заттар жарнамаланып, таратылатын 16 телеграм-арнаны бұғаттады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Тексеру барысында қатысушыларға тыйым салынған заттарды сатып алу мүмкіндігімен қатар «закладчик» жұмысы ұсынылғаны анықталды.

Нәтижесінде сот Медеу ауданы прокурорының тыйым салынған ресурстарды бұғаттау туралы талабын қанағаттандырды, телеграм-арнаның қызметі тоқтатылды.

Кінәлі тұлғаларды белгіленген жауапкершілікке тарту мақсатында қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, одан әрі тергеу үшін полицияға жолдады.

Алматы қаласының прокуратурасы жедел бұғаттау үшін азаматтарды ұқсас интернет-ресурстар анықталған жағдайлар туралы хабарлауға шақырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.