Сыр дәрігерлері Мәскеу қаласында біліктілігін арттырды

4 қарашадан бастап аймақ ақ халаттылардың екінші легін Беларусь Республикасына оқуға жібереді.

Сыр өңірінің ақ халаттылары Ресей астанасы Мәскеу қаласында «Шетелде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша бiлiмдерiн жетілдірiп келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Аталмыш бағдарлама аясында Сыр дәрігерлері Ресейдің білікті мамандарымен өзара тәжірибе алмасып, медицина саласының тың жетістіктерімен бөлісті. Нақты айтқанда, Ресейдің жетекші клиникалық академиялық базалары мен «МДСД №24 қалалық клиникалық ауруханасы» МБДСМ, Ресей ФМБА «Ми және нейротехнология Федералды орталығы» ФМБМ, Ресей Денсаулық Сақтау Министрлігі «Е.Н.Мешалкин атындағы ҒМЗО», Ресей балалар клиникалық ауруханасы - Ресей Денсаулық Сақтау Министрлігі ФМАЖББМ «Н.И.Пирогов атындағы РҰМЗУ» филиалы, «МДСД Н.Ф.Филатов атындағы балалар қалалық клиникалық ауруханасы" МБДСМ, МДСД «Жедел балалар хирургиясы және травматология ҒЗИ» МБДСМ орталықтары мамандарымен тәжірибелік тағылымдама алмасты.

Көрші мемлекетте біліктілігін шыңдауға аймағымыздан 8 дәрігер хирургия, эндоскопия, неврология, кардиохирургия, анестезиология-реаниматология, неонаталды хирургия және балалар ортопедиясы мамандары мүмкіндік алды.

Ағымдағы жылдың 4 қарашасынан бастап аймақ ақ халаттыларының екінші легі Беларусь Республикасына оқуға жіберілетiн болады.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, Қызылорда облысы