Бокстан әлем чемпионатының бірінші күні: Қазақстан құрамасы қалай өнер көрсетті?

Толғанай Қасымхан (60 келіге дейінгі салмақ) Мена Юлиді (Венесуэла) алғашқы жекпе-жекте-ақ жеңді.

Будвада (Черногория) бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Olympic.kz сайыстың алғашқы күні Қазақстан спортшылары қандай нәтиже көрсеткенін жариялады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.    

63 келіге дейінгі салмақта Аружан Жанғабаева алғашқы жекпе-жекте ресейлік Милана Дзугаеваны жеңді. 

60 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Алексей Хаванцев қырғызстандық қарсыласы Алихан Майранбековтен басым түсті. 

Өкінішке қарай, әлем чемпионатын Андрей Румянцевтен (Беларусь) жеңілген Бақытжан Айтмұханов (86 келіге дейігі салмақта) аяқтады. 

Ал Толғанай Қасымхан (60 келіге дейінгі салмақ) Мена Юлиді (Венесуэла) алғашқы жекпе-жекте-ақ жеңді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.