Қарағандыда әйелін балаларының көзінше өлтірген 51 жастағы ер адам сотталды. Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда сотталушы үкіммен келіспей, аппелияцияға беруді жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әйелін балаларының көзінше пышақтаған ер адам бас бостандығынан айырылып, моральдық өтемақы төлеуі керек.
“Таймасовты 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтелсін. Жазасын өтеу мерзімі ұсталған кезден бастап есептеледі. Жәбірленуші Өмірзақованың пайдасына моральдық шығын үшін 20 миллион теңге өндірілсін”, – деді судья Самал Аринова.