Қазақстандықтар азық-түлікке орта есеппен ай сайын 114 мың теңге жұмсайды

Мұны жүргізілген сауалнама қорытындысы растап отыр.

Freedom Finance Global сарапшыларының мәліметінше, сауалнамаға қатысқан 3 мыңнан астам тұрғынның 27%-ы айына тамаққа 50 мың теңге кетеді деп жауап берген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Қазақстан халқы азық-түлікке ай сайын орта есеппен 113 мың 870 теңге жұмсайды. 

30%-ға жуығы 30 күнде 75-100 мың теңге аралығында жарататынын айтқан.

Әрбір бесінші тұрғын, яғни 17%-ы ай сайын тамаққа 100-150 мың теңге бөледі.

Тағы 12%-ы 75 мыңға дейін, қалған 10%-ы 150-200 мың теңге қаржысын айлық азығына арнайды екен.