Заңғар Нұрланұлы жартылай финалға жолдама алды

Азияның 16 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы, қазақстандық Заңғар Нұрланұлы (94 ITF Juniors) табысты өнер көрсетуде.

Ванджу (Оңтүстік Корея) қаласында жасөспірімдер арасында жекелей сында ITF J300 WANJU (CLOSED REGIONAL CHAMPIONSHIPS) турнирінің жартылай финалына шыққан теннисшілер анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Азияның 16 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы, қазақстандық Заңғар Нұрланұлы (94 ITF Juniors) табысты өнер көрсетуде.

Заңғар ширек финалда Корея өкілі Йенс Джейонгті (87 ITF Juniors) 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді. 

Қазақстандық теннисші жартылай финалда турнирдің бірінші ракеткасы, корт иесі Хойонг Рохпен (12 ITF Juniors) шеберлік байқасады.

Сонымен қатар Әмір Омарханов (Қарағанды) пен Мәлика Әмірғалиева (Өскемен) осы додада жұптық сында финалға жолдама алды. 

Турнирдің бірінші ракеткалары Ә.Омарханов пен Хойонг Рох (Корея) жартылай финалда жапониялықтар Шион Итсусаки – Хиромаса Коаяманы жолдан тайдырды 6:3, 6:4. 
Сенбі күні қазақстандық-кореялық жұп корт иелері Йенс Джейонг – Джангжун Киммен чемпиондық атақ үшін таласады.

Қыздар арасында М.Әмірғалиева тайбэйлік Ю Чен Лимен бірге жартылай финалда тағы бір тайбэйлік Ю Чинг – кореялық Джун Охтан айласын асырды – 6:3, 6:3.