Павлодарда трамвай жол апатына ұшырады

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.

Павлодарда трамвай мен жеңіл көлік соқтығысты,  – деп хабарлады Aikyn.kz.

Оқиғаға қоғамдық көлік кінәлі болған.

"Трамвай жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, трамвай жолдарындағы қиылыста тұрған Тойота Камри маркалы автокөлікпен соқтығысқан", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Трамвай жүргізушісін жауапкершілікке тарту үшін материал жиналады,  – дейді Полиция  департаменті